#
#
Жұма 18/08/2017

Бүркітші қыз Айшолпан Азияның беделді сыйлығына ие болды

  • 09.08.2017
  • 4
  • 786

8 тамызда Asia Society Азия және әлемнің дамуына үлес қосқандарға табысталатын Asia Game Changer Awards 2017 сыйлығы иегерлерінің атын атады, деп хабарлайды asiarussia.ru.

Asia Society төрт жыл бұрынғы Changer Awards Азия ойындарындағы дәстүрді жалғастыра отырып, көрнекті адамдармен, ұйымдармен ынтымақтасып жұмыс істегенін мақтан тұтады. Биыл награда Ауғанстандағы өз әндерінде ерте некеге қарсы наразылық білдіретін және әйелдердің құқықтары үшін күресіп жүрген жас рэпер Sonita-ға берілді. 

Сондай-ақ, сыйлық Қытайдың кей ең күрделі әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларын шешетін әлемдегі ірі мобильдік байланыс компаниясының бас директорына; әлеммен Үндістанды біріктіретін голливуд жұлдызына, өз елінің ормандарын қорғау үшін өз өмірін арнаған экологқа берілді.

Наградаға ұсынылғандардың ішінде бүркітші бойжеткен ретінде күллі әлемге танымал моңғолиялық Айшолпан да бар. Лауреаттарды Asia Society жаһандық желісінің мүшелері тағайындап, сайлайды.

Айшолпан Нұрғайыпқызы жас шағында гендерлік тосқауылды еңсергені үшін беделді наградаға ие болды, деп жазды asiasociety.org.

Айшолпанның айтуынша, ол өзінің тарихы барша әлемдегі бойжеткендер мен әйелдерді жігерлендіргені үшін бақытты. Моңғолияда қазір қыздардың көпшілігі бүркітші болғысы келеді. Айшолпан жас қыздар қайда тұрмасын,  күдікке, сынға, қалыптасқан гендерлік нормаларға қарсы тұра алады деген үмітте. Олар өз әрекеттерін жалғастырып, батыл болулары тиіс, - деді ол.

«Бала кезімнен бүркітпен аң аулауға қызығып өстімБұл жағынан өзім мен ер бала арасында ешқандай айырмашылық көрмеймін», - деді ол.

4 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР