13 жел, 2019 сағат 19:28

Бокстан Қазақстан құрамасы Кубамен бірлескен жиын өткізеді

Бокстан қазақстан құрамасы келесі жылдың қаңтар айында AIBA базасында бірлескен жиындар өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны лицензиялық турнирге дайындалуға бағытталған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«2020 жылдың 5 қаңтарында біз AIBA базасындағы оқу-жаттығу жиынына кірісеміз. Біз бірге жаттығуға Венгрия, Жапония және Куба құрамаларын шақырдық. Аталған елдердің боксшылары әлемде жоғары бағаланады. Сол себепті лицензиялық турнир алдында осындай ОЖЖ өткізу біз үшін өте маңызды. Жаттығу қаңтар айының соңында басталады. Біз бұл шақыртуға дайын болуымыз керек», - деді бас жаттықтырушы Ғалымбек Кенжебаев.

Атап өтейік, осы күндері Қазақстан AIBA базасында бокстан жиын өткізіп жатыр.