#
#
Сенбі 24/08/2019

Бокс: Жұрт асыға күтетін алдағы ТОП-6 реванш тізімі жарияланды

  • 13.08.2019
  • 0
  • 272

All of the Belts бокс жайында жазатын танымал Twitter парақшасы жұрт асыға күтетін алдағы жекпе-жектердің үздік бестігін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Тізімге реванштармен қатар трилогиялар да кірді. Олардың қатарында, әрине, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші кездесуі бар. Жекпе-жек қыркүйек айына жоспарланған еді, алайда келесі жылдың мамыр айында өтуі мүмкін.

Сондай-ақ, көп күтілетін жекпе-жектердің ТОП-6 төмендегідей:

Флойд Мэйвезер — Мэнни Пакьяо II

Сауль Альварес — Флойд Мэйвезер II

Энтони Джошуа — Диллиан Уайт II

Билли Джо Сондерс — Крис Юбэнк II

Лео Санта Крус — Карл Фрэмптон III.

Головкин мен «Канелоның» алдағы үшінші жекпе-жегіне Париматч букмекерлік кеңсесінің берген бағалары мынадай: «Канелоның» жеңісі – 1.7, Головкиннің жеңісі – 2.15, тең түсуі – 25.

Еске салайық, боксшылардың алғашқы айқасы тараптардың тең түсуімен аяқталған еді, ал екінші кездесуде Альварес төрешілердің басым көпшілігінің шешімімен жеңімпаз атанды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар