09 сәу, 2020 сағат 11:38

БҚО-да аударылған автокөлік 1 тонна балық әкеле жатқан

Батыс Қазақстан облысында аударылған автокөлік 1 тонна балық әкеле жатқан болып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұдан бұрын жазғанымыздай, 21 жастағы жүргізуші «Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігінің руліне ие бола алмай, «Орал-Атырау» жолында аударылып қалған болатын. 

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, қазіргі уақытта оның жағдайы бірқалыпты, өміріне қауіп жоқ. 

Кейін анықталғандай, жүргізуші, Ақжайық ауданының тұрғыны Орал қаласына қарай ешбір құжатсыз 1 тонна 31 кг балық алып келе жатқан.

«Балық сараптамаға жолданды. Шығын көлемі анықталған жағдайда ҚР ҚК 196-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Сонымен қатар жүргізушіге қатысты карантин режимін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 476-бабы 6-тармағына сәйкес әкімшілік іс қозғалды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.