#
#
Cәрсенбі 08/04/2020

Биыл iKOMEK орталығына денсаулық сақтау мәселесі бойынша 44,1 мың өтініш түсті

  • 19.02.2020
  • 0
  • 190

Бүгін iKOMEK қалалық орталығында елордадағы медициналық ұйым басшылары және қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірге халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша жиын өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімдікке сілтеме жасап.

iKOMEK орталығы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және медициналық мекемелермен бірлесіп, азаматтардың өтініштеріне анағұрлым сапалы ден қою үшін белсенді жұмыс жүргізуде.

2019 жылдың қазанынан бастап «iKOMEK109» мобильді қосымшасының көмегімен қаланың бас дәрігерлерінің жұмысына мониторинг жүргізіледі. «Өткен жылдың қазан айынан бастап бас дәрігерлер азаматтардың өтініштеріне мониторинг жүргізіп, оған өздері жауап береді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша оң қарқын байқалады. Біз елеулі нәтижелерді байқап, елорда тұрғындарынан көбірек алғыс ала бастадық. Алайда мұнымен тоқтап қалуға болмайды, ары қарай да бірлесіп белсенді жұмыс атқару қажет», - деді iKOMEK109 қалалық мониторинг орталығы басшысының орынбасары Дина Темірғалиева.

Жиында тұрғындардан келіп түсетін өтініштер қаралды. iKOMEK109 орталығының ақпараты бойынша жыл басынан бері денсаулық сақтау мәселелері бойынша 44 194 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 43 417 – консультация бойынша, 777 – шағым мен жағдаят, 156 – алғыс. Одан бөлек, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының KPI-индикаторлары талқыланды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар