#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Бірнеше көліктің соқтығысуы: «Жедел жәрдем» аударылып қалды

  • 21.10.2019
  • 0
  • 292

Кеше кешкісін  Құлжа трассасының бойында экобекетке  жетпей, жаппай жол апаты болып, «Жедел жәрдем» көлігі аударылып қалды, – деп хабарлайды «Ұлт ақапарт».

Куәгерлердің айтуынша, Nissan Maxima және Lexus GS300 автокөліктері Құлжа трассасының бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Алда кептеліс пайда болып, Maxima тоқтайды. Ал Lexus арнайы жолаққа шығып кетеді, бұл кезде науқас мінген жедел жәрдем көлігі оңтүстік бағытта келе жатқан.

Лексус арнайы жолаққа шығып, жедел жәрдем көлігіне соқтығысады.

Жедел жәрдем жүргізушісі апатты болдырмауға тырысқанымен, нәтиже болмаған. Салдарынан Lexus жедел жәрдемге бар жылдамдықпен соқтығысты. Арнайы көлік аударылып қалып, кептелісте тұрған Nissan Maxima көлігін соғып кетті.

Аталған жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті: жедел жәрдем көлігінде болған науқас пен фельдшер және Lexus жүргізушісі. Үшеуі де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар