15 там, 2018 сағат 12:57

Байқал көліне батып кеткен ұшақтың апатқа ұшыраған сәті видеоға түсіп қалған

Куәгерлердің Twin Bee 2335G гидроұшағының әуеге көтеріле берген кезінде апатқа ұшыраған сәтін түсірген видео Youtube-те жарияланды.

Өткен дүйсенбі, 13 тамыз күні кешқұрым әуе кемесі Байқалдағы Ольхон аралы маңында әуеге көтерілуге тырысқан.

Бейнероликтен жылдамдық арттыру барысында ұшақтың қиындықтарға душар болғанын көруге болады. Әуе кемесі бір бүйіріне аударылып, суға батып кеткен.

Алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, ұшақты басқарып келе жатқан ер адамның ұшуға рұқсаты болмаған.

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.