09 қаң, 2019 сағат 11:53

BAFTA киножүлдесі номинанттарының тізімі жарияланды

Британдық киноакадемия өз сайтында жыл сайын өткізілетін BAFTA киножүлдесі номинанттарының тізімін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Жүлдені табыстау рәсімі 10 ақпанға белгіленген.

Үздік фильм атауына Спай Лидің «Қара кландық», Йоргос Лантимостың «Сүйікті», Питер Фаррелидің «Жасыл кітап», Альфонсо Куаронның «Рома» және Брэдли Купердің «Жұлдыз жанды» фильмдері үміткер болып отыр.

«Сүйікті» фильмі номинациялар саны бойынша көш бастаған - ол 12 категориядағы жүлделерге, соның ішінде сценарий, режиссерлік және операторлық жұмыс, монтаж, костюмдер дизайны, қоюшы суретшінің жұмысы үшін үміткер болып отыр. Сондай-ақ бұл картина әйел рөліндегі үздік актриса және екінші пландағы үздік актриса номминациясы үшін де таласпақ. Соңғы категорияда бірден екі актриса - Рейчел Вайс пен Эмма Стоун ұсынылып отыр.