01 қыр, 2018 сағат 18:33

Азиада-2018: Регбиші қыздар ел қоржынына соңғы медальді салды

Қазақстанның регбиден әйелдер құрамасы үшінші орын үшін болған ойында тайландтық команданы тізе бүктірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азиада ойындарының соңғы күнінде қазақстандық спортшылар өнер көрсетпейді, сол себепті бұл ел қоржынына түскен соңғы медаль болып саналады.

Осылайша Қазақстанның спортшылары 76 медаль олжалады: оның 15-і алтын, 17-сі күміс, 44-і қола. Жалпы медаль саны бойынша отандастарымыз 9-шы орынға табан тіреді.