#
#
Жұма 10/04/2020

"Азаматтарға арналған үкіметтің" былық-шылығы әшкереленді

  • 20.02.2020
  • 0
  • 264

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік сатып алулар саласында заңды жиі бұзатын органдарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Превенция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Кәріпованың айтуынша, бүгінде арнайы электронды жүйе мемлекеттік сатып алулар саласындағы тәртіп бұзушылықтарды онлайн режимде көруге мүмкіндік береді. Соның негізінде мемлекеттік органдардың антирейтингі жасалды. Ондыққа кіргендердің басым бөлігі - білім беру басқармалары. Ал жемқорлық қаупі жоғары рейтингіні "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ бастап тұр.

"Өткен жылы осы компания 37,7 миллиард теңгеге сатып алу өткізді. Осы ақшаның 70 проценттен астамы бір көзден тауар мен қызметті сатып алу арқылы игерілді", - деді Кәріпова астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, электронды жүйе көптеген тәртіпбұзушылықтарды анықтады. Соның ішінде бағаны артық көрсету жағдайлары да бар. Мәселен, осы ұйымның мамандары А4 форматындағы кеңсе қағазын 1 600 - 3 800 теңгеге сатып алады.

"Мәселен, корпорацияның Шымкент қаласындағы филиалы қағаздың бір бумасын 4 334 теңгеге сатып алса, Түркістандағы филиал тура сондай қағазды 2 700 теңгеге алып жүр. Сонда айырмашылығы екі есе болып тұр ғой", - деп атап көрсетті Кәріпова.

Бұдан бөлек, корпорация филиалдары әмбебап компьютерді 313 000 - 448 000 теңгеге алып жүр. Ал ондай тауардың шын бағасы 190 000 мың теңгеден аспайды. Бір қызығы, биыл да "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бюджетті дұрыс жоспарлап отырған жоқ. Оны электронды жүйе көрсетіп отыр.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы республикалық бюджеттің шығыстары 12 триллион теңгеден асты. Соның 70 проценті мемлекеттік сатып алулар арқылы таратылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар