#
#
Дүйсенбі 09/12/2019

«Атамекен» шет елдердегі этникалық қазақтар мен отандастарды қолдайтын болады

  • 22.11.2019
  • 0
  • 208

«Атамекен» ҰКП мен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Келісімге «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев пен палатаның Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, «Отандастар қоры» - шет елдерде тұратын этникалық қазақтар мен отандастарды қолдау жұмысы бойынша мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен нақты бағыттарды айқындап, серіктестік орнататын ұйым. Ал меморандум «Атамекен» ҰКП мен қордың бірқатар бағытта тығыз байланыста жұмыс атқаруы үшін негіз болып табылады. Мәселен, «Атамекен» өзінде жинақтаған кәсіпкерлік туралы білім банкін пайдалану, бизнес құру және дамыту, палата жүзеге асыратын бағдарламалар бойынша оқыту, инвесторлар мен стартаптарды іздеу бағытында қолдау жасайды.

Сонымен қатар ынтымақтастық аясында «Менің Атамекенім» және бизнес саласындағы шетелдік қазақтар ұйымдарын әлем бойынша бір желіге біріктіретін «Атамекен» Іскерлік үйі» жобасын іске асыру мәселелері де қамтылды. Этникалық қазақтардың тарихи отанына көшуін ынталандыруды қарастыратын «Темірқазық» бағдарламасына дербес басымдық беріледі.

«Отандастар» қоры мен «Атамекен» ҰКП бірлескен жұмысының алдағы бағыттары «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстел аясында өтетін «Атамекен» Іскерлік үйінің» панельдік сессиясында нақтыланады. Аталған шара биыл 28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жиынға 20 елдегі қазақ диаспорасынан 150 делегат қатысады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар