10 сәу, 2019 сағат 19:00

Астрономдар Қара құрдымның суретін жариялады

Event Horizon Telescope жариялаған Қара құрдым суреті.

Event Horizon Telescope жобасының қатысушылары Қара құрдымның (Black hole) суретін жариялады. Ол жерден 54 млн жарық жылы қашықтығында орналасқан Messier 87 (M87) галактикасында орналасқан.

Астрономдар Қара құрдымның суретін АҚШ, Франция, Мексика, Чили және Испанияда орналасқан сегіз радиотелескоп желілері арқылы түсірген. Ғалымдар бұл жобамен екі жылдай жұмыс істеген.

Қара құрдым - жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын жібермей өзіне тартып алатын массасы өте ауыр дене.