10 мау, 2018 сағат 10:47

Астананың 20 жылдығына шетелдік емес, қазақстандық өнерпаздар қатысуы керек - Тоқаев

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елордамыздың 20 жылдығына байланысты мерекелік шараларға отандық өнерпаздарды көптеп тартқан дұрыс деген пікірде.

Бұл пікірін Сенат спикері өзінің твиттердегі парақшасында жариялады.

«Елордамыздың 20 жылдығына арналған іс-шараларға шетел әртістерінен гөрі, отандық орындаушыларды көбірек қатыстыру қажет», - деп жазды Сенат төрағасы.