02 нау, 2018 сағат 17:59

Астанада тұрғын үйден өрт шықты

Астанадағы Nova City тұрғын үй кешенінде өрт шығып, бес адам құтқарылды, деп хабарлайды Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті: адамдар балаларды терезе арқылы жоғарғы қабаттан, төменгі қабатқа түсірді. Үй маңында халық көп жиналған.

 

Қазақстанның ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, өрт туралы хабар диспетчер пультіне 2 наурызда сағат 14:19 кезінде түсіпті.

Оқиға орнына төрт негізгі және үш арнайы өрт сөндіруші көлік жіберілді. Өрт аумағы 15 шаршы метрді құраған, балкондағы үй заттары жанған екен.

"Оқиға орнына 14:27-де жеткен кезекші жасақ тоғыз қабатты "Nova City" тұрғын үй кешенінің жетінші қабатында пәтерден өрт шыққанын анықтады. Өрт сөндіру барысында 5 адам құтқарылды", — деп мәлімет берді ведомство.

Өрт 14:52-де ауыздықталып, сөндірілді.