21 жел, 2018 сағат 22:30

Астана ТЖД: Балаларға пиротехниканы сатуға тыйым салынды

Астана қалалық ТЖД көшелер мен базарларда пиротехника өнімдерін сатып алмауға шақырады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. 

Мереке күндері отандық және шетелдік (Ресей, Қытай, Корея) фирмалар өндіретін пиротехникалық заттарды сатып алу еш қиындық тудырмайды. ТЖД қызметкерлері пиротехникалық өнімдерді белгіленбеген жерден сатып алу және оларды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай пайдаланудың қауіпті екендігін мәлім етті.

«Өрт қауіпсіздігі ережелеріне» сәйкес, пиротехникалық өнімдерді базарларда, сауда алаңдарында, көшелерде және осы мақсаттарға сай келмейтін дүкендерде сатуға тыйым салынады. Пиротехниканы 18 жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ сертификаты мен егжей-тегжейлі нұсқаулығы жоқ өнімдерді сатуға және пайдалануға тыйым салынады», - деді Астана қаласы ТЖД  өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу басқармасының басшысы Орал Әбдрахманов.