24 мау, 2019 сағат 20:57

Алматылық белсенділер «Арыспен біргеміз» атты акция бастады

Алматылық белсенділер «Арыспен біргеміз», акциясын бастады. Мақсат - Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмектесу, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Құрметті Алматылықтар!

Сіздерді Арыстағы төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек көрсетуге шақырамыз! Бірінші кезекті қажетті дүниелер: гигиеналық заттар, кеспе өнімдері, консервілер, балаларға арналған киімдер, жамылғы мен көрпе. Жинау пунктінің мекен-жайы: Абылайхан көшесі 79. Мына телефон нөміріне 8-7471293969 хабарласуға болады», - деп жазылған WhatsApp желісі арқылы таралған хабарламада.

Естеріңізге салайық, бүгін таңертең Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды. Оқиға орнына жеке құрамның 52 адамы, Түркістан облыстық ТЖД-нің 12 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласынан 23 маман, 4 техника және кинологтар тартылды. Қазіргі уақытта өрт сөндіру мен эвакуациялық жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Сонымен қатар зардап шеккендер анықталуда. Арнайы жұмыс тобы құрылды.