13 нау, 2018 сағат 07:12

Алматыда Mersedes пен автобус соқтығысты

Алматыда Mercedes пен № 38 бағыттағы автобус жүргізушісі соқтығысып, сегіз адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында болған. Куәгерлер мен автобус жүргізушісінің айтуынша, қоғамдық көлік Саин көшесімен солтүстік бағытта, ал Mercedes Абай даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан. 

Нәтижесінде автобус пен көлік жүргізушісі соғысып, көлік ұшып кеткен. Mercedes жүргізушісі мен автобустағы 7 жолаушы зардап шеккен.