05 мау, 2020 сағат 09:40

Алматыда 7 мың адамға арналған мешіт бой көтереді

Алматының Алатау ауданында жеке инвесторлардың қаражатына жаңа мешіт бой көтереді. Құрылысы енді басталған мешіт бір мезетте 7 мың келушіні қабылдай алады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Іnstagram –дағы парақшасында жазды.

«Алматының Алатау ауданында жеке инвесторлардың қаражатына жаңа мешіт бой көтереді. Мешіт бір мезгілде жеті мың мұсылманды қабылдай алады. Қаладағы ең үлкен діни ғимарат ағарту һәм рухани жер ғана емес, мегаполистің архитектуралық маржандары арасында да лайықты орынға ие болады», - деп жазды Алматы әкімі.

Мешіт 2021 жылы пайдалануға беріледі.