21 мау, 2019 сағат 11:30

Алматы облысында үшем дүниеге келді

Алматы облысының Жамбыл ауданында үшем дүниеге келді. Жас отбасы қыздарының есімін Нұрай, Айдай және Шырай деп қойды.

Таңатар Тұрғанбаев пен Эльмира Өмірзақова - Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының тұрғындары. Үшемнің әкесі - 1990 жылы, ал анасы 1992 жылы туған. Тұңғыш ұлының есімі - Хан. Нұрайдың салмағы - 2 келі 95 грамм, бойы - 40 см. Айдайдың салмағы - 2 келі 60 грамм, бойы - 44 см болса, Шырай - 2 келі 20 грамм салмақпен, бойы 40 см болып туды.

Қуаныш иелерін бірінші болып аудан әкімі Бағдат Әлиев құттықтады. Бір мезетте көпбалалы отбасы атанған шаңыраққа шаттық, нәрестелерге ұзақ ғұмыр тіледі. Қазір сәбилер мен анасының денсаулығы жақсы.

Олар бүгін ауруханадан шығып, үйлеріне қайтты.