27 нау, 2020 сағат 06:58

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 534 мыңнан асты

Әлемде коронавирус індетін жұқтыру жағдайлары 530 мыңнан асып жығылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«27 наурыз таңындағы жағдай бойынша, әлемде инфекцияға 534 506 адам шалдықты. Бір тәулік ішінде олардың саны 59 419 көбейді. 24 187 адам қайтыс болды, бір тәулік ішінде – 2787. Жазылып шыққандар саны 119 951, бір тәулік ішінде – 9293», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінде.

Айта кетейік, 27 наурыз, сағат 07.50-дегі жағдай бойынша, Қазақстанда індетке 120 адам шалдықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 60 адам, Алматы қаласында – 47, Қарағанды облысында - 4, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында - 3, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақмола облысында - 1 адам.