29 нау, 2020 сағат 08:41

Әлемде бір тәулік ішінде 3621 адам коронавирустан көз жұмды

Соңғы бір тәулік ішінде әлем бойынша 671424 адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінше, соңғы бір тәулік ішінде әлем бойынша 671424 адам вирус жұқтырған. Бұл көрсеткіш тәулік ішінде 74205 адамға көбейген. 

Коронавирус дертінен көз жұмғандар саны 30956-ға жетті. Бір тәулік ішінде аталған індеттен көз жұмғандар саны 3621 адамға өсті. 

Бұл дерттен сауығып кеткендер саны - 145586. Дертінен айыққандар саны соңғы бір тәулікте 10868-ге өсті.