22 шіл, 2019 сағат 11:28

Алексей Зотов: «Бұл жерге консультациялық көмек көрсету үшін келдік...»

РФ Қорғаныс министрлігінің өкілі Алексей Зотов Арыста атқарып жатқан жұмыстары жөнінде сұхбат берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл жерге Ресей делегациясы құрамында жарылыс салдарын жою кезінде минадан тазарту мәселелерінде консультациялық көмек көрсету үшін келдік. 

Елді мекендегі залал ауқымы осы арсеналда қызмет өткеретін әскерилердің, өрт сөндіру есептоптарының уақтылы әрекет етуінің арқасында мұндағы оқ-дәрілер мөлшерімен салыстырғанда барынша төмен. Жарылғыш заттар, оқ-дәрілер сақталатын жерде жарылыстар болып тұрады, одан ешкім сақтандырылмаған.

Біріншіден, қала маңындағы елді мекен таза. Өте ауқымды жұмыс жүргізілген. Шын мәнінде, бұл жерде ауа райы температурасына қарамастан, ауқымды жұмыс жүргізілген. Ол алдымен осы жерде қызмет атқаратын адамдардың оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастырудағы кәсіби шеберлігі. Соның арқасында арсеналдың екінші алаңы жарылысқа ұшыраған жоқ. Бұл жерде сақтауда тұрған оқ-дәрілер мөлшеріне қарағанда, жарылыс салдары өте төмен. Жұмыс ұйымдастыру мәселелерінен бастап жеке құрамның тікелей орындауды аяқтауына дейін кәсіби шеберлікпен істелуде.

Тиісінше, бүгін эксперименттік жаруды жүргіздік. Оған Қазақстан Республикасы инженерлік әскерлерінің бастығы басшылық етті. Осы жұмыс инженерлік әскерлер мамандары есептерінің дұрыс екенін тағы да растады. Бұл жерде көргеніміз, біздің ақпаратымыз бойынша төтенше жағдай аймағы болып табылатын қаланың сыртқы периметрі бойынша тазартуды жеке құрам, яғни инженерлік әскерлер төрт күнде жасап шыққан.

Әрине, бұл - тек кәсіби шебер әскери қызметшілердің ғана қолынан келетін ауқымды жұмыс", - деді ол өз сөзінде.