04 қар, 2019 сағат 12:42

Алдағы күндері еліміздің оңтүстігі мен шығысында күн суытады

Синоптиктер 2019 жылғы 5-7 қарашаға арналған болжам ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, суық атмосфералық ағындар әкелген белсенді циклон республиканың батыс, орталық және солтүстік облыстарында ауа температурасының төмендеуіне, жауын-шашын, екпінді жел, кей жерлерде бұрқасын соғуына ықпал еткен.

«Қазақстанның оңтүстігінде де күн суытып, жаңбыр жауып, арты қарға ұласты. Алдағы тәулікте циклон шығыс бағытта жылжиды, еліміздің оңтүстік-шығыс және шығысында жауын-шашын – жаңбыр, қар, екпінді жел күтіледі. Сондықтан Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы 0-ден төмен болады, солтүстік жартысында түнде минус 2…10°С, оңтүстігінде 0…8°С, бұл көрсеткіш орташа көпжылдық нормадан 3…6°С төмен», делінген хабарламада.