22 қаң, 2018 сағат 10:12

Алдағы күндері аяз күшейеді

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қара теңіз арқылы қалыптасқан үлкен және өте суық антициклон Қазақстанның оңтүстік-шығыс бағытына көшуді жалғастыруда. Бұл антициклоннан туындаған арктикалық суықтық республиканың солтүстік және шығыс аймақтарының тұрғындарына сезілді. Келесі үш тәулікте орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарда аяз күшейеді. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнгі температура 40-45 градусқа, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейді, бұл климаттық нормаға қарағанда 10-18 градусқа суық болатынын айтады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты дауылды ескерту 26 қаңтарға дейін сақталады.