03 қаз, 2018 сағат 09:38

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстаннан ауқымды циклон жылжып барады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Республиканың батыс облыстарына атмосфералық ағындармен бірге Еділ өзені бойыннан салқын және ылғалды ауа массалары келеді деп күтілуде.

Қазақстан арқылы шығыс бағытқа көшкен салқын ауа ағындары салдарынан республиканың әуелі батыс, ал 6 қазаннан бастап - солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында жаңбыр жауып, ауа температурасының төмендеуі ықтимал.

Шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарда жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы жоғары болады.