#
#
Сейсенбі 11/12/2018

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

  • 16.05.2018
  • 0
  • 1688

Синоптиктер Қазақстанда 17-19 маусым күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстігі мен орталығында суық сақталады.

"Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ауа райын төменгі атмосфералық қысым өрісі анықтайтын болады. Осындай синоптикалық жағдай кезінде бұл аймақтың кейбір жеріне өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, ал батыста ауа температурасы климаттық нормадан жоғары, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нормаға жуық болады", - деді синоптиктер.

Сондай-ақ, республиканың солтүстік, орталық және шығыс аудандарына Батыс Сібірден арктикалық суық фронт жылжып, кей жерлерде сулы қарға айналатын, жаңбыр туындатып, ауа температурасы нормадан 2-4 градусқа төмен болатыны айтылады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар