01 сәу, 2020 сағат 10:27

АҚШ-тың Айдахо штатында 6,5 магнитудалық жер сілкінісі болды

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, сейсенбі күні кешке Айдахо штатындағы Бойсе қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде 6,5 магнитудалық жер сілкінісі болды.

Зілзаланың ошағы Бивер-Крик маңындағы Чаллис қаласынан батысқа қарай 45 шақырым жерде болған, деп хабарлайды CNN

Ұлттық метеорологиялық қызметіне сәйкес, бұдан кейін көп ұзамай сол ауданда 4,6 магнитудалық тағы бір жер сілкінісі тіркелген. 

Айдахо штатының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың мәліметінше, Айдахо тарихында ең ірі және жойқын жер сілкінісі 1983 жылы болған. Қуаты 6,9 балл зілзала Чаллисте тіркелді. Келтірілген шығын 12,5 млн. долларға бағаланған.