06 жел, 2019 сағат 08:27

АҚШ-та дүкен тоналғаннан кейін атыс болып, төрт адам ажал құшты

Флоридада қарулы қарақшылар зергерлік дүкенді тонап, соның салдарынан екі қылмыскер мен екі азамат қаза тапты, деп хабарлайды abcnews сайты.

Полицияның ақпараты бойынша, оқиға бейсенбі күні Флорида штаты Корал-Гейблс қаласында болған.

Дүкен қызметкерлерінің бірі жарақат алды, оның қазіргі жағдайы белгісіз.

Зергерлік дүкенді тонау ісі сәтсіз аяқталғаннан кейін екі күдікті UPS экспресс-жеткізу компаниясының жүк көлігін айдап әкетіп, оның жүргізушісін тұтқынға алды. Полиция қылмыскерлердің ізінен қуған.

Атыс салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен жолда кетіп бара жатқан кездейсоқ адам мерт болды. Полицейлер шабуылдаушыларды атып тастады.

Федералды тергеу бюросы тергеуді өз бақылауына алды.