#
#
Cәрсенбі 24/07/2019

2019 жылы 3500-ден астам әскери қызметшіге баспана беріледі

  • 17.06.2019
  • 0
  • 351

2019 жылы 3500-ден астам әскери қызметшіге баспана беріледі.

Әскери қызметшілерді баспанамен қамтудың моделіне сәйкес, 2018 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Қазақстанның кез келген өңірінен екінші деңгейлі банктердің түрлі бағдарламалары арқылы ипотека несиесімен баспана сатып алу мүмкіндігін беретін заманауи жүйеге өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның қорғаныс ведомствосы әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелерден толықтай арылуына жағдай жасап отыр. Баспанамен қамтудың жаңа жүйесі қолға алынған тұста, 2018 жылы 40 мыңнан астам әскери қызметші дербес шот, депозит ашты. Соның 3000-нан астамы өз баспанасына ие болды.

2019 жылдың алғашқы жартысы толмай-ақ 2000-нан астам әскери қызметші ипотека несиесін алды. Оның жалпы сомасы 30 миллиард теңгені құрады. «Әскери баспана», «Баспана хит», «7-20-25», «Қазақстандағы ипотекалық несиелендіру», «Нұрлы жер», т.б. бағдарламалары арқылы баспаналы болып жатқан тұлғалар саны артып келеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар