01 сәу, 2020 сағат 12:05

2-4 сәуір күндері найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады

Синоптиктер алдағы 2-4 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы күндерде Қазақстанның көптеген облысындағы ауа райын циклон анықтайтды. Демек, жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай жарқылдап, күшті екпінді жел тұрады. 

Ауа температурасы да көктемгідей: күндіз оңтүстікте - 15...25°, солтүстік облыстарда - 5...15°С жылы болады.