Сурет: pngtree.com
Әкімдіктер шипажайларға тегін жолдама береді. Алайда әр өңірде жолдаманы алудың тәртібі мен талабы әр түрлі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органдар жылына бір рет берілетін тегін жолдамамен шипажайға кімдердің баратынын айтты.
Алматыда шипажайға жолдамалар мына санаттағы адамдарға беріледі:
- - Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
- - І топтағы мүгедектерге;
- - І топтағы мүгедектерді шипадайда ертіп жүретін адамдарға;
- - Ұлы Отан соғысы кезінде алған жарақатынан қаза тапқан дардың жұбайына.
Егер адам түрлі себептермен шипажайға бара алмаса, жолдаманы әкімдікке қайтаруға міндетті. Бару уақытын емделуші өзі белгілейді. Жолдама жылына бір рет 12 күнге дейінгі мерзімге беріледі.