13 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан қазақстандық журналист Айдос Садықов өмірден өтті.
Бұл туралы оның әйелі Наталья Садықова Facebook-те жазды. Киевте қастандық жасалғаннан кейін Садықов 13 күн жансақтау бөлімінде жатқан. Алайда бүгін Киев уақытымен сағат 3:00-де өмірден өткен.
Наталья Садықова күйеуі өмірін Қазақстан үшін жан пида еткенін жазып, ал өлімі президенттің мойнында екенін жазған.
Айдос Садықовқа 18 маусымда қастандық жасалған. Белгісіз біреу оған оқ атып, қашып кеткен. Бұл кезде "Бәсе" оппозициялық жобасының авторымен бірге әйелі болған. Кейін журналист ауруханаға түсіп, ота жасалғаны хабарланған.
19 маусымда Тоқаев Садықовқа қастандық жасалғаны туралы пікір білдіріп, тергеуге қазақстандық құқық қорғау органдары қатысуға дайын екенін мәлімдеген.