Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жарияланған ел Президентінің биылғы Жолдауында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға мамандық алу мәселесі көтерілгенін білеміз. Осы ретте, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 06708 әскери бөліміндегі мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерімен өткізілген жауынгерлік даярлықты ілгерілетудегі мемлекет-құқықтық дайындығының басты тақырыбы - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы болғандығын атап өткен жөн. Өйткені, ел Президентінің заңды тұрғыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде егеменді еліміздің айбынды армиясының қатарында қызмет етіп жүрген мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілерге арнайы көңіл бөлгендігін аңғара аламыз....
Әскери бөлімнің материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонында мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің басын қосқан мемлекеттік-құқықтық дайындығы сабағында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбындағы Жолдауы талқыланды.
Сарбаздар алдында сабақ тізгінін ұстаған материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальоны командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Чебиков Бірлік Мәмбетахынұлы өз сөзін Жолдаудағы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сөздерімен бастады: «Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз, Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық, іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттігімізді нығайту үшін бір Ел болыпеңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздылығы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық».
Лауазымды тұлға майор Б.Чебиков сарбаздарға Президент Жолдауы ел дамуының алдағы даму стратегиясын анықтап бергендігін жеткізді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүкіл Жер бетін дүр сілкіндірген пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялағандығын баяндап берді. Әсіресе, Президент Жолдауында мерзімдік қызметшілердің өз міндеттерін атқара жүріп, өмірде керекті қандай да бір мамандық иесі атану мәселесі қозғалды. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуге тиіс.
Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың экономикадағы нақты сектор үшін қажетті жұмысшы мамандығын игеру мәселесін пысықтаған жөн» - деп, өз ойын толық жеткізеді..
Өз сөзін қорытындылаған майор Б.М. Чебиков: «Шынымен де, Жолдаудағы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр сөзі барша қазақстандықтарға қатысты керекті мәселелерді қамтиды. Егеменді еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі ьик, тұғыры берік Тәуелсіз Қазақстанның алға қойған мақсаттары орындалатынына сенімдімін!» - деп, сарбаздарды Жолдау жүктеген жаңа жауапкершілік пен міндеттердің орындалуына белсене атсалысуға шақырды.
Сабақ барысында Президент мақаласына қатысты өздерінің ойлары мен пікірлерін білдіріп, белсенділік танытқан мерзімді әскери қызметтегі қатардағы жауынгерлер Ихан Еламан, Александр Посников, Сардалов Мансур және Елжас Советбекұлы есімдерін ерекше атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында атап көрсетілген: терең білім, темірдей тәртіп, адалдық, ысырапшылдыққа жол бермеу – басты ұстанымымыз болуы қажет. Соған ықпал жасап, берілген тапсырмаларды жүзеге асыруға өз үлесімізді қоса білейік!
Тілек Алшымбекұлы
06708 әскери бөлімі
Думан Құрманғалиев
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы