Сурет: rus.azathabar.com
Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Айкөркемнің ісі бойынша 7 жылға сотталған әскери қызметкер Арман Жұманның ісі бойынша шешім шығарды.
«А.Жұманға қатысты қылмыстық іс құпия түрде қаралды. Кассациялық қадағалаудың қорытындысы бойынша төменгі тұрған органдардың сот актілерінің күші жойылды, іс апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілді», - деп хабарлады Жоғарғы сот.
Бұған дейін істі апелляциялық тәртіпте қараған әскери соттың үкімімен Арман Жұман 7 жылға сотталған еді.
2023 жылы Алматы гарнизоны әскери соты Қаңтарда кішкентай Айкөркемді өлтірді деп айыпталған Арман Жұманға үкім шығарып, оны ақтаған еді.