18 нау, 2021 сағат 14:22

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысындағы су тасу қаупі бар аймақтарды аралады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Бұқар Жырау және Абай аудандарының су тасу қаупі бар учаскелерін аралады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ең алдымен ол Құлайғыр ауылында болды. Мұнда осыған дейін болған су тасқыны кезінде бөгеттің аптты жағдайда болуына байланысты елді мекенді су басу қаупі туындаған еді. 

Мұнда су тасқынынан қорғайтын «Топар» бөгеті бар. Ол 1937 жылы салынған, көптеген жылдардан бері оның тозығы жеткен. 2020 жылы гидротехникалық құрылысты күрделі жөндеу басталды. Жұмыстарды биыл аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Топар өзенінің арнасына 2,6 шақырым арнасына жүргізілген 2020 жылы жүргізілген санациялау жұмыстары тексерілді. Одан кейін өңір басшысына Шерубай-Нұра өзенінің шамамен 17 шақырым арнасын санациялау жұмысы туралы айтылды.

Жеңіс Қасымбек Шерубай-Нұра және Ынтымақ су қоймаларының су торабын, Сасықкөл көлін, сондай-ақ Ақтөбе, Жаңаталап, Қызылжар және Тегісжол ауылдарын аралап көрді.

Келесі ат басын тіріген жер Садовое ауылы болды. Ауыл 2015-2017 жылдары көктемде су астында қалды. Осы жағдай қайталанбауы үшін 2017 жылы 3,6 шақырымды алып жатқан қорғаныс мақсатында салынған дуал қайта нығайтылды.

Содан кейін Чкалово ауылы тексерілді, онда 2017 жылы ұзындығы 2,5 шақырым қорғаныс дуалы салынды.

Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек Самарқан су қоймасының гидроторабында болды. 

Келесі кезекте облыс басшысы Ғабиден Мұстафин кентінің айналасында тұрғызылған қорғаныс дуалын тексерді.

Көп жылдық бақылаулар негізінде облыста автомобиль және темір жолдарының 139 су тасқыны қаупі бар учаскелері, сондай-ақ су тасқынына бейім 174 елді мекен анықталды. Олардың барлығы ерекше бақылауға алынды.

Ғарыштық мониторинг деректері бойынша бүгінгі таңда облыс аумағының 85%-ын қар басып жатыр. Қазір Қазгидромет мамандары су тасқыны кезеңіне нақты болжам беру үшін зерттеулер мен өлшеулер жүргізуде.

Азаматтық қорғаудың облыстық кіші жүйесінің күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді. Бұл 6 700 адам және 1 600 бірлік техника.

Ұшақтан бақылау қорытындысы бойынша өңір басшысы қар күреу және шығару, гидроқұрылыстар арқылы су өткізу жұмыстарын назарда ұстауды тапсырды.

Айта кетейік, 2020 жылы Қарағанды облысының 33 елді мекенінің аумағында 22 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері мен үйінділері салынды және нығайтылды, 9 шақырымнан астам су бұру арналары салынды және жөнделді, су түбін тереңдету, жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді, өзен арналарының 12 шақырым су тасқыны қаупі бар учаскелері тазартылды және кеңейтілді, 65,5 шақырым дренаждық және су бұру жүйелері тазартылды, 74 учаскеде су өткізу қабілеті ұлғайтылды.

Жалпы, 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін облыста 220 шақырым қорғаныс үйінділері тұрғызылып, нығайтылды, елді мекендердегі 67 шақырым өзен арналарының су тасқыны қаупі бар учаскелері тазартылды.