03 қаң, 2024 сағат 16:14

Жапонияда ұшақ әуежайға қону кезінде өртенді - видео

Фото: ru.euronews.com

2 қаңтарда Токиодағы Ханаеда халықаралық әуежайында Japan Airlines (JAL) әуекомпаниясының ұшағы қону кезінде өртенді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz порталы NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Airbus A350 ұшағы жағалау күзетінің DHC-8 әскери-тасымалдаушы ұшағына соқтығысу салдарынан өрт шыққан. Апаттан жағалау күзеті ұшағының экипаж мүшелері - бес адам қаза тапты. Сондай-ақ әуекемесінің капитаны ауыр жарақат алған.

Жолаушылар ұшағынан шамамен 400-ге жуық адам эвакуацияланған.

JAL әуекомпаниясының бортында 367 жолаушы болған.