30 қаз, 2024 сағат 11:12

Жанқош Тұраровқа қатысты "Зорлау" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатыды

Фото: Sn.kz

Боксшы Жанқош Тұраровқа Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі (Зорлау) бойынша айып тағылған болатын.

"Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізіліп, қорытындысы бойынша зорлау дерегі расталмады. 2024 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы түпкілікті шешім қабылданды", - делінген Алматы полиция департаменті хабарында.


Полиция өкілдері Әуезов аудандық прокуратурасы бұл шешіммен келіскенін мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жария етуге ​​жатпайды", - делінген полиция хабарламасында.


Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған еді. Бұл ақпаратқа Алматы полиция департаменті өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.