01 нау, 2021 сағат 12:38

Жаңаөзенде екі адам газдан уланып көз жұмды

Бүгін Жаңаөзен қаласында екі адам газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекшіге сағат 09:00-де қоңырау түскен.

«Жаңаөзенде жеке тұрғын үйде улы газбен уланудан оқиға орнында 1965 жылғы ер адам мен 1969 жылғы әйел адам қайтыс болды», - делінген хабарламада. 

ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша қайғылы жағдайға жылыту пешін пайдалану ережесін сақтамаму себеп болған.

Еске сала кетейік, 11 ақпанда Форт-Шевченко қаласында екі адам газдан уланып зардап шеккен болатын.