27 мам, 2024 сағат 17:26

Жамбыл облысында түлектер мінген көлік жол апатына түсіп, жүргізуші қыз көз жұмды


Жамбыл облысында мектеп бітірушілер мінген көлік жол апатына түсіп, жүргізуші қыз көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалған үш адам әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Көлікті басқарған 21 жастағы қыз бала рөлге ие бола алмай қалған. Ол ағасының көлігін айдап кеткен. Жастар Жаңаталап-Ақтоған ауылы бағытында жолға шыққан. Дәрігерлер ауруханадағы науқастардың жағдайы тұрақты деп отыр. Айта кетейік, аймақта жыл басынан бері 449 жол апаты тіркелген. Салдарынан 51 адам қаза тауып, 700-ге жуық адам жарақат алған.

«Тайота камри» маркалы көлігінің қатысуымен орын алған жол-көлік оқирғасы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Автокөлік айып тұрағына қойылып, тиісті сараптамалар тағайындалды, - дейді Жамбыл облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.


Айта кетейік, аймақта жыл басынан бері 449 жол апаты тіркелген.  Салдарынан 51 адам қаза тауып, 700-ге жуық адам жарақат алған.