Сурет: ашық дереккөз
Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов "AMANAT" партиясы Жамбыл облыстық филиалының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Құрмет Кенжеханұлының айтуынша, жыл басынан бері 120 қолайсыз отбасы және құқықбұзушылық жасаған 245 кәмелетке толмаған жасөспірім полиция есебінде тұр.
"Қазіргі таңда полицияның арнайы тізімінде 363 жасөспірім және 309 қолайсыз отбасы бар. Есепте тұрған кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыс үнемі жүргізіледі, олардың үй-жайы, оқу орындары бойынша тексерістер жүзеге асырылады. Құқықбұзушылық анықталған жағдайда біз өз құзыретіміз шеңберінде тиісті шаралар қабылдап, мүдделі органдарға хабарлаймыз", - дейді Құрмет Кенжеханұлы.
Сондай-ақ 4 айдың ішінде девианттық тәрбиедегі мінез құлқына байланысты 9 жасөспірім арнайы режимдегі мектепке орналастырылған. Ал 33 тұлға сот шешімімен ата-ана құқығынан айырылса, 143 жасөспірімге бейімдеу орталығынан орын бөлінген.