
Ауа температурасының көтерілуіне байланысты бірқатар өңірде өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жауады.
Осыған байланысты 10-11 ақпан аралығында бүйірлі ағын қалыптасып, өзендерде су деңгейі көтеріледі.
Сонымен қатар, 10 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
10 ақпан күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жел қарқыны кей жерлерде 15-20 дейін күшейеді.
