23 шіл, 2024 сағат 15:21

"Жалғызбасты әйелдер өзін жаралы, керексіз сезінеді" - Айгүл Иманбаева


© instagram.com/aigul_imanbayeva

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жалғызбасты әйелдердің неден қиналатынын және оларды өзі түсінетінін айтып жеткізді, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" тілшісі.

Иманбаеваның пікірінше біздің қоғамда әсіресе бала шағасын жалғыз асырап жатқан әйелдерге қиын, сондықтан да олар мықты болуы керек.

"Меніңше, біздің қоғамда жалғызбасты әйелдерге маған кейде орын жоқ сияқты болып көрінеді. Себебі жалғызбасты әйел өзінің орнын, өз еншісін кәдімгі тісімен, қолымен жұлып алмаса, орнын таппауы да мүмкін. Байқайсыздар ма, біздің қоғамда қазір "Мен жалғызбасты анамын, әкесіз бала өсіріп отырмын. Менің жағдайым жоқ" дейтіндер өте көп. Мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі. Яғни әйелдер өзін жаралы, керексіз сезінеді. Әрине ол қатарда мен де бармын. Өз басымнан өткенді айтайын. Ажырасқаннан кейін сені ішпей-жемей жүргішке, бұзық әйелдердің қатарына автоматты түрде жатқызады", - деген Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйелдер мінезді болуы керек деп есептейді.

 
Сонымен қатар әнші жалғызбасты әйелдерге қоғамдағы көзқарасты былай жеткізді:

"Той-томалаққа жалғыз барсаң, сол жерде күйеуін тартып алып қоятындай күйеуі бар әйелдер қызғанады. Күйеусіз барып қалсаң "мына байқұс әлі жүр ме" деген көзқарастар болады. Көп әйелдер комплекске кіріп кетеді. Өздерін керексіз, жараланған қалыпқа кіргізе бастайды. Жалғызбасты әйелге еркектің күшідей күш, еркектің энергиясындай энергия, еркектің психологиясы да қажет болады. Әрине, еркек бола алмайсың. Бірақ балаңды жеткізу үшін, қоғамда өзіңнің орныңды алу үшін, өзіңді сыйлата білу үшін де саған мінез, қажымайтын қайрат күш, білім керек болады. Нәзік әйел энергиясын еркектікіне айырбастауға тура келеді. Олай жасамасаң жаралы болып жүре бересің", - деді ол.