28 жел, 2023 сағат 15:33

Якутияда ұшақ мұз боп қатқан өзенге қонды

© pixabay.com

Якутияда ұшақ ұшу-қону алаңының орнына мұз боп қатқан өзенге қонды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

"Якутск Вечерний" басылымының мәліметінше, бүгін таңда "Полярные авиалинии" әуекомпаниясына тиесілі АН-24 ұшағы Якутск - Зырянка - Среднеколымск бағыты бойынша ұшқан. Алайда әуе кемесі Зырянка әуежайына жетіп қалғанда ұшу-қону алаңына емес, Кольма өзеніне қонған.

Бортта 30 жолаушы және 4 экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер жоқ, ұшаққа да зақым келмеген. Жолаушылар аэровокзалға жіберілді, ал балаларымен ұшқан саяхатшылар қонақүйге қоныстанды.

Алдын ала мәлімет бойынша, мұндай жағдай ұшқыштардың қателігінен болған. Росавиацияның өңірлік басқармасы осы дерекке қатысты тексеру тағайындады.