Премьер-министрдің бірінші орынбасары Тамара Дүйсенова бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың не себепті жұмыстан босатылғанын айтты. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Үкіметтің
кеңейтілген отырысында журналистер премьер-министрдің орынбасары Тамара
Дүйсеноваға осы сауалды қойды.
- "Ажар Ғиниятқызы алдына қойылған міндетті орындады. Жұмысын жақсы істеді. Енді жаңа міндет тұр. Жаңа міндет – бұл МӘМС жүйесінің қаржылық бөлігін айналдыру. Осы МӘМС-тің тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде жаңа өзгерістер қажет", – деді Дүйсенова.
Еске салайық, Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрі лауазымына 2022 жылғы 11 қаңтарда тағайындалған еді. Ол министр қызметін 2 жыл атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселенің біріне айналған МӘМС жүйесіне қатысты сөз қозғаған еді.