21 мау, 2021 сағат 10:30

Вакцина салдырған қазақстандықтар саны 2,7 млн-нан асты


Қазақстанда 2 760 223 адамға коронавирус вакцинасы егілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 760 223 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны – 1 668 032 адам.