22 нау, 2021 сағат 09:33

Үш өңір «қызыл» аймақта тұр

COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирустың "қызыл" аймағы туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазіргі таңда Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай:

  • "қызыл" аймақта: Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан облысы;

  • "сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды ​​облыстары;

  • "жасыл" аймақта – қалған өңірлер.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1208 науқас тіркелді, оның 410-ы Алматы, 203-і Нұр-Сұлтан қаласында анықталды.