28 қаң, 2025 сағат 12:48

Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектелетін болады

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Елімізде енді Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектеледі. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің премьер-министрі Олжас Бектенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Ult.kz.

"Ұлттық қордың қаражаты, сіз тапсырғаныңыздай, тек ірі инфрақұрылымдық объектілерді салу үшін ғана сұралатын болады. Сонымен қатар біз мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін нығайтамыз", - деді Бектенов.