22 қаз, 2020 сағат 11:00

ҰҚК терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында «Спрут-2020» кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ҰҚК сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-жаттығудың мақсаты терроризмге қарсы іс-шараларды өткізу және төтенше жағдайларды, Мемлекеттік шекараны жаппай заңсыз кесіп өтуді оқшаулау ықтималдығы кезінде бірлескен тактикалық іс-қимылдар барысында ҚР ҰҚК бөлімшелерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болды. 

«Спрут-2020» кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығуы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің халықаралық терроризм мен экстремизмнің өзге де көріністерінен туындайтын қауіп-қатерге қарқынды қарсы тұру ісінде күш-жігерін біріктірудегі кезекті қадам болды», - деді комитеттен.

Сонымен қатар іс-шара барысында жағдайды бағалауға бірыңғай тәсілді және террористік қауіп-қатер әкелушілер мен олардың қайнаркөздерін жоюға бағытталған тиімді шаралар жүйесін әзірлеу пысықталды.

Оқу-жаттығу қорытындылары бойынша бөлімшелер қойылған міндеттерді сәтті орындап, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы тарапынан жоғары баға берілді.