06 ақп, 2026 сағат 16:25

ҰҚК мен ІІМ бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін тоқтатты

Фото: ашық дереккөз

2026 жылғы 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қару-жарақты заңсыз өткізу және сақтау, қорқытып алу, ұрланған автокөліктерді заңдастыру және өзге де қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың заңсыз қызметін тоқтатуға бағытталған арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Ult.kz.

Арнайы іс-шаралар бір мезгілде Алматы және Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында өткізілген. Операция нәтижесінде 20 адам ұсталып, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы мен оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.