25 жел, 2024 сағат 15:11

ТЖМ ұшақ апатынан аман қалғандар туралы мәлімет берді


видео кадры

Ақтаудан үш шақырым жерде Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырап, аман қалған 28 адам Маңғыстау облысындағы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды  Ult.kz.

ТЖМ мәліметінше, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Аман қалғандар саны 28 адам, оның екеуі балалар.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, алдын ала жедел ақпарат бойынша, 28 адам медициналық мекемелерге әртүрлі дәрежедегі жағдаймен жеткізілген. Оларға облыс ауруханаларында қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнына 23 жедел жәрдем бригадасы жіберілген.

Барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 техникасы жұмылдырылды. Жолаушылардың тізімі нақтыланып жатыр.